Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының (бұдан әрі-жоба) жобасын дайындады.
Жоба «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес әзірленді. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген).
Осы қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға субсидия беру болып табылады
Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында а.ж. 30 мамырында «Звезда Прииртышья» газетінде, а. ж. 1 маусымда «Сарыарқа Самалы» газетінде жарияланды және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2023 жылғы 26 мамырдан 09 маусымға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14583848), сонымен қатар, Павлодар облысының облыстық Қоғамдық кеңесінің ұсынысы алынды.
Қаулы жобасын іске асыру үшін акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидияларға жергілікті бюджеттен қаржы шығындары көзделген.
C. Төлеутаев