Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы табиғатты қорғау іс-шаралары шеңберінде және ҚР Экологиялық кодексінің 205-бабының негізінде Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары үшін шекті жол берілетін шығарындылардың (ШЖШ) жиынтық томын әзірледі.
Жоба аясында ластану көздерін түгендеу, ауа сапасын 4 маусымдық зерттеу, үш қала бойынша көлік ағындарының қарқындылығын заттай зерттеу жұмыстары жүргізілді, электрондық деректер базасы құрылды.