Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» №19-1/446 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Біржанкөл, Сабындыкөл, Маралды, Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Сабындыкөл, Маралды, Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағындағы шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленсін.
мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін Павлодар облысының шекарасындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Сабындыкөл, Маралды және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің бекітілген жобалық құжаттамасын уәкілетті мемлекеттік органдарға беруді;
осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |