Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің жобасын (бұдан әрі – Жоба) дайындады.
Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 628-бабына, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1 тармақ 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған су пайдаланудың кенлесі түрлері бойынша төлемақы мөлшерлемесін бекіту болып табылады:
Жоба Басқарманың интернет-ресурсында 2026 жылғы 29 маусымда орналастырылды.
Жоба «Ашық НҚА» порталында 2026 жылғы 29 маусымда орналастырылды.