Табиғатты қорғау іс-шаралары.
Қазақстан Республикасының Экологиялық және Бюджет кодекстерінің нормаларына сәйкес қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемдерден түсетін қаражат есебінен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №179/18 шешімімен 2025–2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар 6 бөлімді қамтиды (Атмосфералық ауаны қорғау, су объектілерін қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, жерді қорғау, қалдықтарды басқару, ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер).
2025 жылы жалпы сомасы 13 235,7 млн теңгеге 51 іс-шара өткізілді (ағымдағы жылға өтпелі жобалар – 11 іс-шара) (республикалық бюджеттен – 968 103,0 млн теңге, облыстық бюджеттен – 8 173,8 млн теңге, жеке инвестициялар – 4 093,8 млн теңге).
Атмосфералық ауа.
Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 10 стационарлық бекетте жүргізіледі (Павлодар қ. – 7 (оның ішінде 2 – қолмен іріктеу, 5 – автоматты); Екібастұз қ. – 2 (1 – қолмен іріктеу, 1 – автоматты); Ақсу қ. – 1 автоматты).
Бақылау желісінің деректері бойынша 2025 жылы Павлодар қаласының атмосфералық ауасының сапасы атмосфералық ауаның ластану индексі бойынша «төмен» (ИЗА=3), ең жоғары қайталануы бойынша «жоғарылаған» (НП=2%), стандартты индекс бойынша «жоғары» ластану деңгейі (СИ=9,5) ретінде бағаланды.
Әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес, егер ИЗА, СИ және НП әртүрлі санаттарға жатса, онда атмосфераның ластану деңгейі ИЗА бойынша бағаланады.
Екібастұз және Ақсу қалаларында атмосфералық ауаның ластану деңгейі «төмен» (ИЗА=1) деп бағаланды.
Атмосфералық ауаның ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер LED-экрандарда көрсетіледі (Павлодар қ. – 4 экранда: акад. Сәтбаев – Торайғыров көшелері қиылысы, акад. Сәтбаев – Кривенко, Н.Назарбаев даңғылы – Лермонтов, әуежай ғимараты; Екібастұз қ. – М. Жүсіп – М. Әуезов көшелері қиылысы; Ақсу қ. – Астана көшесі, 7).
Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру, отын шығынын азайту, сондай-ақ бірқатар кәсіпорындарда өндіріс пен электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуі нәтижесінде 2025 жылы ластаушы заттардың жалпы шығарындылары 27,57 мың тоннаға қысқарды.
Кәсіпорындардың жедел деректері бойынша соңғы 5 жылдағы жалпы шығарындылар динамикасы:2021жыл–730,2 мың тонна; 2022жыл – 726,5 мың тонна; 2023 жыл – 703,97 мың тонна; 2024жыл – 697,47 мың тонна; 2025 жыл – 669,9 мың тонна.
Павлодар облысының кәсіпорындары берілген рұқсат құжаттарының талаптарына сәйкес шығарындыларды азайтуға, өндірістік қалдықтарды орналастыруды қысқартуға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және көгалдандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруда.
Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүйелі шара ретінде облыстың ірі кәсіпорындарын кезең-кезеңімен кешенді экологиялық рұқсаттарға (КЭР) көшіру, сондай-ақ үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) кезең-кезеңімен енгізу көзделген.
Көгалдандыру. Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қарамағында орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 3 коммуналдық мемлекеттік мекеме бар. Олар 9 аудан (Май, Павлодар, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Успен, Теренкөл және Аққулы) аумағында және 3 қаланың ауылдық аймақтарында орналасқан:
Мемлекеттік мекемелердің негізгі міндеттері – ормандарды өрттерден және заңсыз кесуден қорғау, зиянкестер мен аурулардан сақтау, орман қорын молайту.
Орманмен жабылған аумақты ұлғайту мақсатында Мемлекет басшысының Жолдауы аясында бекітілген кешенді жоспарға сәйкес орман отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қорының жалпы аумағындағы орманмен жабылған жер үлесі 73%-ды құрайды (127,5 мың га-ның 92,7 мың га).
7 жылда (2021–2027 жж) 5 мың гектардан астам аумақта 32 млн көшет отырғызу жоспарланған.
Өткен жылдар жұмыстар толық орындалды (2,9 мың гектарға 16,4 млн көшет отырғызылды).
2021ж.–120га,533,3мыңдана;2022ж.–352,7га,2068,4мыңдана;
2023ж.–68,1га,389,1мыңдана;2024ж.–1250,1га,6844,1мыңдана;
2025 ж. – 1 150 га, 6 571,1 мың дана.
2025 жылы 1,1 мың гектар аумақта 6,6 млн қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде:
Павлодар КММ – 680 га, 3 885,5 мың дана;
Үрлітүп КММ – 198 га, 1 131,4 мың дана;
Максимо-Горький КММ – 272 га, 1 554,2 мың дана.
2025 жылдан бастап мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізілді. Барлығы 18 камера орнатылды, қамту радиусы 20 км-ге дейін (40 еселік оптикалық үлкейту және түтінді автоматты тану жүйесі бар).
Су ресурстары. Шідерті–Өлеңті экожүйесінің су балансын сақтау мақсатында жыл сайын Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Шідерті өзеніне экологиялық су жіберу жүзеге асырылады.
Осының нәтижесінде 21,0 мың га лимандық суару жерлері суландырылып, 50 мыңнан астам мал басы жемшөппен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, су жіберу өзен бассейнінің флорасы мен фаунасының тепе-теңдігін және Әулиекөл жүйесіне кіретін 8 көлдің экологиялық жағдайын сақтауға ықпал етеді.
2025 жылы табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер 9 сәуірде басталып, 5 мамырда аяқталды, ұзақтығы 27 тәулік. Нақты су жіберу көлемі 6,31 км³ құрады (жоспар бойынша – 5,77 км³). 2025 жылы су басқан аумақ 305 мың га немесе 338,8 мың га-ның 90%-ын құрады.
2025 жылы Шідерті-Өлеңті жүйесінің табиғи және экологиялық теңгерімін сақтау мақсатында су жіберулер №112, №108, №109 су шығару құрылыстарынан 4 сәуірден 5 маусымға дейінгі кезеңде 120 млн м3 көлемінде жүзеге асырылды.
Су басқан аумақ 21 000 га немесе 95,75% (жалпы аумағы 21 932 га).
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 237/1 қаулысымен Ертіс, Шідерті, Ащысу (Май ауданы), Темірасау, Бірсуат, Ащысу (Баянауыл ауданы) өзендерінде және Мойылды, Біржанкөл, Сабындыкөл, Маралды, Кемертуз, Қара Бидайық, Тұз (Баянауыл ауданы), Ақсор, Қожа, Қалатұз, Бура, Тұз (Аққулы ауданы), №1 көл, №3 көл, №5 көлдерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері бекітілді.
Қалдықтар. Нормативтерге сәйкес келетін полигондардың үлесін арттыру мақсатында Басқарма 4 елді мекен (Ертіс, Теренкөл, Майқайың, Баянауыл ауылы) үшін полигондар салуға ЖСҚ әзірлеп, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындыларын алды.
«Ғарыш Сапары» салалық геопорталы арқылы заңсыз қоқыс үйінділері анықталады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 248 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 244-і жойылды немесе 100%, 4 қоқыс орны бойынша ақпарат расталмады.
Осы саланың дамуын сапалы жоспарлау мақсатында барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктері, жергілікті өкілді органдар Қалдықтарды басқару бағдарламаларын бекітті.
Бағдарламалар шеңберінде ҚТҚ полигондарын салу, қайталама шикізатты қабылдау пункттерін ашу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жабдықтарын сатып алу, жаңа контейнерлер мен қоқыс таситын көліктерді сатып алу және т.б. көзделген.
2025 жылы облыс кәсіпорындарында 275,516 млн тонна өндірістік қалдық түзілді, оның ішінде 81,873 млн тоннасы (30%) пайдаланылды/қайта өңделді.
Ірі тоннажды өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша келесі кәсіпорындарда оң динамика байқалады:
Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы сынаппен ластану. Техногендік тарихи сынаппен ластанудың бірі бұрынғы «Химпром» ӨБ аумағы болып табылады. 1998-2004 жж. демеркуризацияның 1-кезеңі жүргізіліп, сынап ластануының негізгі ошақтары қоршаған ортадан оқшауланды және «топырақтағы қабырға» әдісімен сүзуге қарсы қорғаныс жасалды (6 негізгі ошақ: құрамында сынап бар қалдықтар мен топырақтарды көму полигоны, сынап электролизі цехы орналасқан аумақ, бұрынғы №6 насос станциясы, бұрынғы сынапты су жинақтағыш тоғандар, «Былкылдак» көлі – өндірістік ағынды сулар жинақтағышы, жер асты суларының ластанған «тілі»).
Демеркуризация жұмыстары аяқталғаннан кейін жағдайды бақылау үшін 2005 жылдан бастап жыл сайын тұрақты сынап мониторингі жүргізілуде.
2016 жылы отандық және халықаралық сарапшыларды (Германия) тарта отырып, Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы демеркуризация және сынаппен ластанған объектілерді оңалту тұжырымдамасы әзірленді.
Тұжырымдама қысқа, орта және ұзақ мерзімді міндеттерді кезең-кезеңімен шешуді ұсынады, оған ұйымдастырушылық және инженерлік сипаттағы бірқатар шаралар кіреді.
Бекітілген тұжырымдама шеңберінде 2021 жылы атмосфералық жауын-шашын суларын «Былкылдак» жинақтағышына ағызу үшін сүзуге қарсы қорғаныс алдында ұзындығы 1100 м, тереңдігі 3,5 м дренаждық арық салу жұмыстары аяқталды.
2022-2023 жж. екі жылдық жоба аяқталды – бұрынғы №6 насос станциясынан «Былкылдак» жинақтағышына дейінгі автожолдың батыс жағында сүзуге қарсы «топырақтағы қабырға» (ұзындығы 2,4 км) салынды.
Бұл жоба Ертіс өзені мен жақын елді мекендердің құдықтарын ластанған сулардан қорғауға бағытталған.
Сынап мониторингі жыл сайын жалғасуда (2025 жылы 664 сынама алынды: 75 – ауа, 24 – топырақ, 508 – жерасты сулары, 16 – жерүсті сулары, 1 – түп шөгінділері, 11 – балық, 10 – құс, 10 – қар жамылғысы, 9 – «Каустик» АҚ қызметкерлерінің биосынамалары).
2022 жылдан бастап Ертіс өзенінің Абай облысымен шекарасында, Павлодар ауылында және Ресей Федерациясымен шекарада мониторинг жүргізілуде.
2022-2025 жылдардағы нәтижелер бойынша сынамаларда сынап анықталмады, бұл трансшекаралық қауіптің жоқ екенін көрсетеді.
2025 жылы 2026-2030 жылдарға арналған сынап мониторингі бағдарламасы жаңартылды.
Экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың өңірлік жоспары аясында қоғамда экологиялық ойлау мен мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.
2024-2029 жылдарға арналған өңірлік жоспар Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №178/18 шешімімен бекітілді.
Іс-шараларға мемлекеттік мекемелер, бизнес, мектептер мен ЖОО, қоғамдық және волонтерлік ұйымдар тартылған.
Жоспар 3 бағыт бойынша 44 іс-шараны қамтиды (экологиялық ойлау – 18, білім – 7, ақпараттандыру – 19), оның 33-і жыл сайынғы сипатқа ие.
2025 жылға жоспарланған іс-шаралар толық орындалды.