
12 тамызда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті жоспарлы отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрайымы Қалыбаева Бахтылы Қайырбекқызы жүргізді.
Жиынға Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сұлтанов Ақылбек Баязитұлы қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Бірінші мәселе – «Шарбақты ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Шарбақты ауданының полиция бөлімі тарапынан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы» есеп.
Аталған мәселе бойынша Шарбақты ауданының полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Әбусеитова Сабира Әбусеитқызы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері полиция бөліміне халықпен, әсіресе ауылдық округтер тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, бағдаршамдарды дұрыс пайдалану тәртібін түсіндіру, тұрғындармен кездесулер өткізу және осы бағыттағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде жариялау қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар электрсамокаттар мен скутерлердің қозғалысына ерекше назар аудару ұсынылды. Себебі кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтамай қана қоймай, түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларына да жол береді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мобильді топтардың жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ауылдық округтерде учаскелік полиция инспекторларының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу жұмыстарын күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.
Екінші мәселе – «Ауданның білім беру ұйымдарының 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы».
Осы мәселе бойынша Шарбақты ауданының білім бөлімінің басшысы Нурсеитов Дәурен Қалдыбайұлы баяндама жасады.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелерінің алаңдаушылығын мектептердегі алғашқы әскери даярлық сабақтарын өткізуге қажетті жағдайдың қамтамасыз етілуі, атап айтқанда, қажетті құрал-жабдықтардың, макеттердің, противогаздардың және басқа да оқу құралдарының жеткіліктілігі туындатты. Осыған байланысты ауданның білім бөліміне қажетті қаражатты қарастырып, аталған мәселені шешу ұсынылды.
Сонымен қатар оқушылар контингентін сақтау, мектептерді автобустармен, қажетті құрал-жабдықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.
Білім беру ұйымдарының цифрлық оқытуға толық дайын болуын қамтамасыз ету қажеттігі де атап өтілді.
Үшінші мәселе – «Ауданның 2026-2027 жылдардағы жылумен жабдықтау нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы».
Бұл мәселе бойынша Шарбақты ауданының нақты сектор экономикасы бөлімінің басшысы Айтмұхамбетов Жандос Дәуітұлы баяндама жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелері халықты көмірмен қамтамасыз ету, қазандықтардың алдағы жылыту маусымына дайындығы, қазандық операторларының оқуынан өткізілуі, олардың еңбекақысын төлеу және басқа да мәселелерге қызығушылық танытты.
Ауданның нақты сектор экономикасы бөліміне анықталған кемшіліктерді жылыту маусымы басталғанға дейін жою, сондай-ақ бекітілген нормативтерге сәйкес қажетті көмір қорын қалыптастыру ұсынылды.
Төртінші мәселе – «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және электрондық қызметтерді танымал ету бағытындағы жұмысы туралы».
Аталған мәселе бойынша Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нургалиева Айгүл Жамбырбайқызы ақпарат берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктерін халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.
Сондай-ақ азаматтарға электрондық форматта қызметтерді өз бетінше алуға практикалық көмек көрсету, тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер, «Ашық есік күндерін» және азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.
Отырыс барысында аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді белсенді талқылап, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша аталған бағыттардағы жұмыстарды одан әрі жандандыру және олардың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
Аудандық Қоғамдық кеңес хатшысы-Кокина К.Т.
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін «ЖСН бойынша өз сайлау учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.
Өз сайлау учаскеңізді төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз:
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу туралы мәліметтерді нақтылау мақсатында Сіз Шарбақты ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы өз деректеріңізді тексере аласыз.
Call-орталықтың телефондары:
+7 (71836) 2-19-91
+7 771 207 27 95 (WhatsApp)
Жұмыс кестесі:
* дүйсенбі-жұма: 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14: 30-ға дейін);
* сенбі: 09: 00 - ден 13: 00-ге дейін.
Деректеріңізді алдын ала тексеруді сұраймыз.
Шарбақты ауданының әкімдігі Экономикалық тергеу департаменті, облыс әкімі аппараты, Шарбақты ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Шарбақты ауданының мемлекеттік қызметшілерімен және азаматтарымен «Интернет алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында жұмыс кездесуін өткізді
Кездесу барысында қатысушыларға банктер мен мемлекеттік органдар атынан телефон қоңырауларын, фишингтік сілтемелерді, жалған сайттарды пайдалануды, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық әрекеттерді қоса алғанда, интернет-алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары түсіндірілді.
Спикерлер цифрлық сервистерді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы айтып, дербес деректерді қорғау қажеттігін еске салып, алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Су айдындары демалыс пен бос уақытты өткізуге қолайлы орын болғанымен, қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажет.
Шомылуға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана болады. Мас күйінде суға түсуге, белгіленген шекарадан асып жүзуге және су түбі белгісіз жерлерде сүңгуге тыйым салынады. Қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүрген кезде құтқару кеудешесін кию қажет.
Суда төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу құтқару қызметтеріне хабар беріп, өз өміріңізге қауіп төндірмей, зардап шеккен адамға көмек көрсету керек.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғаудың кепілі.
Терек мамығы — жаз мезгілінің белгісі ғана емес, сонымен қатар үлкен өрт қаупі болып табылады.
Ол кішкентай ұшқыннан, темекі тұқылынан немесе сіріңкеден тез тұтанып кетеді. Жанған мамық құрғақ шөпке, қоқысқа, автокөліктер мен ғимараттарға өрттің жылдам таралуына себеп болуы мүмкін.
Терек мамығы ұшатын кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды: • мамықты өртемеу; • толық сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау; • балаларға отпен ойнауға жол бермеу; • үйлер мен ғимараттардың маңындағы мамықты уақытылы тазалау.
Орман — біздің табиғи байлығымыз және таза ауаның көзі.
Өрт қауіпті кезеңде орман алқаптары өртке аса осал болады. Орман өрттерінің көпшілігі адамдардың салғырттығынан туындайды — сөндірілмеген от, тасталған темекі тұқылы немесе құрғақ шөпті өртеудің салдарынан.
Орманда жүргенде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар: • тыйым салынған жерлерде от жақпаңыз; • темекі тұқылын және шыны бөтелкелерді тастамаңыз; • құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз; • демалыстан кейін отты су немесе топырақпен толық сөндіріңіз.
Орманды өрттен сақтайық!
Табиғатты қорғау — әрқайсымыздың міндетіміз.
Отырыс жұмысына Шарбақты аудандық мәслихатының төрайымы Смаилханова Гүлмира Қаратайқызы, сондай-ақ «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы Сұлтанов Ақылбек Баязитұлы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста 4 мәселе қаралды.
«Шарбақты ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау жөніндегі қызметі туралы» 2025 жыл және 2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша есеппен «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Татваева Бахытжан Юрсунхановна баяндама жасады.
«Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің 2025 жыл және 2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша аудандық бюджетті игеру жұмысы туралы есепті бөлім басшысы Асаинова Анара Мусаевна ұсынды.
«Щербакты ауданында бұқаралық мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» «Щербакты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-нің бас маманы Колесник Людмила Васильевна баяндады.
«Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді насихаттау бойынша атқарған жұмысы туралы Галкин ауылдық округінің әкімі Асаинов Марат Дюсетайұлы есеп берді.
«Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Татваева Бахытжан Юрсунхановнаның есебін мұқият тыңдағаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау мақсатында бағдарламалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды және тұрақты түрде мониторинг жүргізуді ұсынды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жартыжылдық қорытындылары бойынша аудандық бюджеттің орындалуына талдау жүргізуді, қаражаттың игерілмеу себептерін анықтауды және оларды келесі жоспарлау кезеңдерінде ескеруді ұсынды. Сонымен қатар, бұл мәселені жыл қорытындысы бойынша 4-тоқсанда қайта қарау туралы шешім қабылданды.
«Шарбақты ауданында бұқаралық мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» мәселе бойынша баяндамашыға, әсіресе жастарды үйірмелер мен мәдени іс-шараларға тарту бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Жастарға арналған іс-шаралардың форматтарын әртараптандыру бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды. Сондай-ақ мәдени іс-шаралар туралы хабарландырулар үшін онлайн-платформа құру ұсынылды.
Төртінші мәселе бойынша Галкин ауылдық округінің әкімі Асаинов Марат Дюсетайұлына халықты, әсіресе егде жастағы тұрғындарды оқытуға ерекше назар аудару ұсынылды. Электрондық қызметтердің артықшылықтарын (уақыт үнемдеу, кезектің болмауы) түсіндіру қажеттігі атап өтілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, баяндамашыларға аталған салалардағы жұмысты одан әрі жандандыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
Шарбақты ауданының Қоғамдық кеңесінің хатшысы: К.Т.Кокина.
⚠️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫ
Жылы мезгілдің келуімен балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілейді. Өкінішке орай, мұндай оқиғалар жыл сайын тіркеліп, кейде қайғылы жағдайға әкеледі.
❗ Негізгі себептері:
* балаларды қараусыз қалдыру
* ашық терезелер мен балкондар
* москиттік торларға сену (олар баланың салмағын көтере алмайды!)
* терезе жанында тұрған жиһаз
👶 Көбінесе 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зардап шегеді. Олар қауіптің бар екенін түсінбейді.
🚫 Есіңізде болсын: қайғылы жағдай бір сәтте орын алуы мүмкін!
✅ Балаңызды қалай қорғауға болады:
* балаларды қараусыз қалдырмаңыз
* бала бар кезде терезені толық ашпаңыз
* терезелерге арнайы құлыптар мен бекіткіштер орнатыңыз
* жиһазды терезеден алыстатыңыз
* москиттік торларға сенбеңіз
* балаларға терезе жанында ойнауға рұқсат бермеңіз
👨👩👧 Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі!
Ең қымбат байлық – баланың өмірі мен денсаулығын сақтайық.
Шарбақты ауданында көп балалы ана Надежда Борисовна Нейбертке «Күміс алқа» мемлекеттік наградасы табысталды.
Надежда Борисовна Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Жылы-Бұлақ ауылында тұрады, алты бала тәрбиелеп отыр.
Тапсыру барысында аудан әкімі С. Иманқұлов отбасы институтын нығайтуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, ана еңбегі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.
Ауданда тұрақты негізде отбасы мен ананы қолдау жұмыстары жүргізілуде.