
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 31.12.2020 жылы № ҚР ДСМ-336/2020 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау М Министрінің 30.12.2020 жылғы № 22004 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге тамақ өнімдерін өңдеу, өндіру жөніндегі объектілерге зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар) болған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі;
- микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, өндірістік үй-жайлар мен қойма үй-жайларындағы ауа қозғалысының жылдамдығы;
-су бөлетін крандардан бактериологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге суды зерттеу-орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде ғимаратқа енгізу және шығару, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар мен бұлақтар, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде су бөлетін крандар.
Зертханалық аспаптық зерттеулерді аккредиттелген зертханалар жүргізуі керек екендігіне назар аударамыз.