
Маймыл шешегі- сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру, яғни, жануарлардан адамға берілетін инфекция, оның белгілері табиғи шешектің клиникалық көріністеріне ұқсас, бірақ аурудың барысы маймыл шешегіне қарағанда әдетте онша ауыр емес. Маймыл шешегі негізінен Орталық және Батыс Африкада, көбінесе тропикалық ормандарға жақын жерде және қалалық жерлерде жиі кездеседі.
Бүгінгі таңда әлемнің 89 елінде маймыл шешегінің 25201 жағдайы тіркелген. Қазақстан Республикасында маймыл шешек ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.
Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер. Адамдардағы маймыл шешегі іріңді безеулер мен күлдіреумен терінің бөртпелерін тудырады, олар біраз уақыттан кейін жарылып, олардың орнында қышыма пайда болады, кейде өмір бойы сақталатын тыртықтарға айналады. Бөртпе аурудың фазасына байланысты әр түрлі болады және қызылша немесе мерез кезінде пайда болатын бөртпелерге ұқсауы мүмкін. Шамамен үш-төрт аптадан кейін ауру өтеді. Тек өте сирек жағдайларда, әдетте, кішкентай балаларда бұл өлім-жітімге әкеледі.
Маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі 7-ден 21 күнге дейін, бірақ белгілері әдетте 10-14 күннен кейін пайда болады. Содан кейін терінің бөртпелерінен басқа, бас ауруы, бұлшықет пен арқадағы ауырсыну, безгек, қалтырау, ағзаның жүдеуі және лимфа түйіндерінің ұлғаюы мүмкін.
Алдын алу әдістері:
- Дені сау емес және шешек вирусын жұқтыруы мүмкін адамдармен тығыз байланыста болмаңыз.
- Қолыңызды үнемі сабынмен жуып, алкоголь негізіндегі қолды өңдеуге арналған тазартқыш құралдарды қолданыңыз.
- Жабайы немесе қаңғыбас жануарларға жақындамаңыз немесе ұстамаңыз.
- Мұқият термиялық өңдеуден өткен етті ғана тұтыныңыз.
- Өз денсаулығыңыздың жай-күйін қадағалаңыз және ауруға күдік болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.