
Жаз-күз кезеңі тағамдық уланулардың ең қауіпті шағы.
Себептері: тағам өнімдерін дұрыс емес сақтамаудан бастап қарапайым гигиеналық нормаларды сақтамауға дейін әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ретте ауру туғызатын бактериялар біз ойламаған жерлерді де болуы мүмкін.Сонымен өзімізді және жақындарымызды олардан қалай қорғаймыз,өнімдердің уақытынан бұрын бұзылуын қалай болдырмауға және денсаулықты қалай сақтауға болады?Осы бапта қысқаша айтып өтеміз.
Сонымен, әңгімемізді бастамас бұрын, қарапайым гигиеналаық қағидалар туралы есімізге түсірейік. Тамақтанар алдында қолымызды тек анамыз үйреткені үшін емес, біздің қолымызда жай ғана пәтерде болған кезіміздің өзінде елестету қорқынышты микробтардың көп мөлшері болатындықтан жиі жууымыз қажет.
Сол сияқты барлық жидектерге де, көкөніс мен жемістерге де осы қатысты.Оларды мұқият жуу керек, тіпті сабынмен жусада болады және ыстық сумен шайып алса тіптен жақсы.
Бақшада өсетіндерді,мысалы қауынды базарларда кесіп көруге мүлдем болмайды.
Пышақпен кір қабығынан микробты ішіндегі қоймалжыңға енгізіп алсақ бұл тікелей біздің асқазанымызға түсетін улану болмақ. Сондай-ақ жидектерді немесе жемістерді тек қана қолмен немесе салфеткамен сүртіп пайдалануға болмайды. Оларды мүмкідігінше ағынды сумен жуу қажет. Сондай-ақ сіз кір асүйлік раковина унитазға қарағанда микробтардың көп бөлігін жинап алуы мүмкін екенін білуіңіз керек.Осы суретті елестетіп көріңізші. Ас дайындау бөлмесіндегі ылғалды сүлгі мен тамшылар-бактериялар үшін керемет қоректену ортасы. Сүлгіні жиі ауыстырыңыз, раковинаны пайдаланғаннан кейін жай сумен емес, арнайы жуу құралдырымен жуыңыз, жұмыс жасайтын беткі қабаттарды жууыңыз және құрғатып сүртіңіз.
Ал енді сол тамақ пен оны дайындауға келсек.Жылытуға тура келетін тағамды тез суытып,содан соң 24-48 сағат ішінде пайдалану қажет.Яғни тоңазытқышта екі тәуліктен аспайтын мерзімде сақтаған кезде ол қауіпсіз болады. Кейбіреулер тағамды 5 немесе одан астам күн сақтап, сосын «мен неден уландым?»-деп отырады.
Тағы бір артық болмайтын, бірақ ең маңызды кеңестердің бірі. Ас әзірлеу алдында сақинаңызды шешіңіз, себебі онда бактериялар болуы мүмкін. Бөлшектену тақтайшалары, тіпті олар пластмассадан болса да бактерияларды жинауы және олардың көбеюіне жол беруі мүмкін екенін біліңіз.Оларды пайдаланғаннан кейін ыстық сумен және жуу құралдырмаен мұқият жууыңыз және дайын және шикі азық-түліктер үшін әртүрлі тақтайшаларды пайдаланыңыз. Тақтайшаларда көп ақаулар пайда болғанда, оларды лақтырыңыз. Пышақтарға да осылар қатысты. Айтпақшы, шикі және дайын өнімдерге арналған тақтайшалар мен пышықтарды жеке-жеке, бір-бірінен бөлек сақтау қажет.
Ал енді азық-түліктерді сақтау туралы айтайық.Азық-түліктерді дұрыс сақтаңыздар. Сатып алғаннан кейін оларды жылдам тоңазытқышқа орналастырыңыз, тоңазытқышқа салу керек еместерін құрғақ салқын жерде сақтаңыз. Азық-түліктерде көрсетілген жарамдылық мерзімдерінің аяқталуы бойынша оларды қауіпсіз деп есептеуге болмайды. Азық-түліктерді мұздатылған күйде сақтау,олардағы микрооорганизмдердің өсуін тежейді,тоңазытқышта температураны 0-5 градуста ұстаңыз,оны қатты толтырмаңыз, себебі бұдан температура жоғарлап кетеді. Мұздатқыштағы температура -18 градустан жоғары болмауы керек. Тазалық және азық-түліктерді бөліп сақтау бактериялармен ауыспалы жұқтыруларды болдырмайды. Шикі етпен қатар жатқан піскен етті сөрелерден сатып алмаңыздар. Тиісінше өздеріңізде олай сақтамаңызадр. Дайын және шикі азық-түліктерді бөлек сөрелерде сақтаңыздар.
Тағы бір білулеріңіз қажет нәрсе, ол мерекелік тағамдар әзірлегенде майонез қосылатын салаттарда, әсіресе ыстық үй-жайда бірнеше сағаттан соң зиянды бактериялар пайда болатыны.Әсіресе егер оларды тағамдық пленкамен жауып қойған болса. Бұл жылдам көбею үшін бактерияларға арналған ең қолайлы тәсіл. Осы қағидаларды сақтай отырып,Сіз уланудан құтыла аласыз. Ал,біз сізге тек қана денсаулық және жақындарыңыздың денсаулығының да сақталуын тілейміз.