
«Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 134/39 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» жобасы(бұдан әрі- жоба) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 134/39 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің күші жойылды деп тану болып табылады, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына байланысты аудандық мәслихаттың осындай шешім қабылдауға құзыреті алынып тасталды, ал мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері жиырма есе ұлғайтылуда».
Бұл жоба қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.