
"Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес бекітілген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен бекітілген
Ұсақ бөлшек сауда объектілерін орналастыруды осы Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтай отырып жүзеге асыруқажет:
- Ұсақ бөлшек сауда объектілерінде тамақ өнімдерінің біркүндік қорын уақытша сақтауға арналған орын айқындалады. Ораманы (ыдысты) объектінің іргелес аумағында сақтауға жол берілмейді.
- Азық-түлік өнімдерін сату:
1) қапталған, ыдыстарғақ ұйылған тамақ өнімдерін;
2) тоңазытқыш жабдығы болған кезде тез бұзылатын тамақ өнімдерін;
3) ыстық дайын аспаздық бұйымдар – изотермиялық немесе жылытылатын ыдыстардан жасалады.
- Азық-түлік өнімдерімен жанасатын саудажабдықтарын, мүкәммалды, қаптаманы пайдалана отырып, жеміс-көкөнісөнімдерін, бақша дақылдарын объектілерден тыс сатуға жол беріледі.
- Сусындарды құйып сату тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бір рет қолданылатын ыдысты пайдаланған жағдайда, оның қадағалануын қамтамасыз ететінжәнеоның қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттамасы болған кездежүргізіледі.
- Дайындаушының техникалық құжаттамасына (технологиялық нұсқаулыққа, рецептураға)сәйкес автоматтарда жұмсақ балмұздақ дайындау кезінде:
1) құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған қалпына келтірілген қоспалар пайдаланылады, қалпына келтірілген қоспаны дайындау үшін жаңа қайнатылған ауыз су пайдаланылады;
2) пастерленбеген шикі сүтті, шикі жұмыртқаны пайдалануға жол берілмейді;
3) қалпына келтірілген қоспаны дайындау өткізу шамасына қарай жүргізіледі;
4) оны дайындау орындарындаған аөткізуге жол беріледі.
- Объектінің сауда жабдығы жұмыс күні аяқталғаннан кейін жуылады жәнедезинфекцияланады.
- Тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізу жағдайларын, қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдайлардықамтамасыз ету кезінде Объект орналастырылады және техникалық жарақтандырылады.
- Ұсақ бөлшек сауда объектісінің сатушысы;:
1) объект, іргелес аумақт азалықта ұсталады;
2) Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын сәйкестік тібағалау (растау) туралытаңбалау, тауарға ілеспе құжаттарболғанкездеолардықабылдаужәнеөткізужүзегеасырылады;
3) Тамақөнімдерініңжарамдылықмерзімдерін, сақтау және өткізу шарттарын сақтау қамтамасыз етіледі;
4) тамақ өнімдерін босату талаптары сақталады, босату кезінде сауда мүкәммалын пайдаланады;
5) Тамақ өнімдері ластанудан қорғалады;
6) таза арнайы киім пайдаланылады;
7) жеке гигиена ережелері сақталады;
8) өзімен біргемедициналықтексеруденөткенжекемедициналықкітапшасыныңболуықамтамасызетіледі.