Логотип

Меню

Страницы

Статья

«Нәтиже» орталықтарындағы әкімдік пен ХҚКО қызметтері

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы іске қосылған болатын.

Жоба “бір терезе” қағидаты бойынша әзірленген және азаматтардың өтініштерін қабылдауды, өтінішкерлердің сұрақтары бойынша консультациялар жүргізуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді бір алаңға шоғырландырудың көрінісі болып табылады, жобаның арқасында өңірдің әрбір тұрғынының қызмет ресімдеу, өтініш тіркеу, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алу, сондай-ақ Әкімнің және жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі бар.

Пилоттық жоба халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізілетін болады.

Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне ауқымды енгізу кезеңі қолға алынатын болады.

 

Дата публикации
18 июля 2022
Дата обновления
18 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы