Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қышыманы алдын алу

Қышыма – жұқпалы паразиттік тері ауруы. Бұл ауруды қышыма кенесі қоздырады. Кененің ұзындығы 1/3 миллиметр. Қышыма кенесінің ұрғашысы терінің үстіңгі қабатын тесіп жол салып, олардың әрқайсысына 20-50 ұрық салады, 2-5 күннен кейін ұрықтардың дернәсілдері қалыптасып,  содан соң нимфа құрттары және толық жетілген кенелер пайда болады.

Жұғу жолдары: науқас адаммен тікелей араласқанда (қол алысқанда,жанасқанда) немесе ол пайдаланған заттарды (төсек, іш және сырт киімдер, сүлгі, мочалка, қолғап, ойыншықтар) қолдану арқылы жұғады. Сонымен қатар, ауру мысықтар, иттер, көжектер, шошкалар, жылқылар, тауықтар, көгершіндер жұқтыру көзі болуы мүмкін.

 Инкубациялық кезеңі  - аурудың-есептегенде алғанда ауру  7-10 күндер болады, бірақ 1-1, 5 айға дейін созылуы мүмкін.

Кышыманың негізгі белгісі: тері қышуы, кешке және әсіресе түнде күрт күшейе түседі, жиі адамды ұйқыдан айырады.  Бірте-бірте теріде ұсақ түйіндер мен көпіршіктер түріндегі бөртпе пайда болады, жиі орналасқан қосарлы, қанды қыртыстар; сызықтық тарақтар мен қышыма жолдары - ұзындығы 3-10 мм  лас-сұр түсті зигзаг тәрізді сызықтар пайда болады.

Алдын алуы:

- Қышыма ауруына күдіктенген кезде дәрігерге қаралу керек;

-Медициналық қызметкерлердің бақылауында болып, арнаулы дәрі-дәрмектермен дер кезінде емделген жөн;

  • жанұя мүшесінің біреуі ауырған жағдайда оның толық емделіп алғанына дейін онымен қарым қатынасты тоқтатып, өзіңіз медициналық мекемесіне профилактикалық тексеруден өту үшін қаралыңыз;.
  • - Мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі балаларда қышымалар пайда болған кезде оларды емдеу кезінде мектепке немесе балалар мекемесіне баруға тыйым салынады, сондай-ақ науқаспен байланыста болған адамдарды түгел тексеруден өткізу қажет;
  • Науқасты үй жағдайында емдеу кезінде залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарын жасау керек.
  • Науқаспен ортақ төсекті, киімді, бас киімді, тұрмыстық заттарды пайдалануға болмайды.;
  • -Науқастың іш киімін сау адамдардың іш киімінен бөлек сақтайды және жуады;
  • - Сыртқы киімдерді, матрацтадыр, жастықтарды, көрпелерді камералық өңдеуден өтеді;
  • - Қышымамен ауырмау үшін күн сайын қолды сабынмен жуу, апта сайын душ, ваннаны қабылдау-дененің тазалығын қадағалау қажет.
Дата публикации
08 июля 2022
Дата обновления
08 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы