
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1.Облыстың денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы.
2.Ауылдық жерлерде тұратын халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту туралы.
Бірінші мәселе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қатысуымен қаралды.
Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселені қараудың басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі ретінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және азаматтардың аудандар мен облыстың мемлекеттік органдарының қызметіне сенімін арттыру болды.
Ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және ауыл тұрғындарының табысын арттыру туралы мәселе егжей-тегжейлі қаралды.
Халықтың табысын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды, оның үстіне 2022 жылы елде халықтың одан әрі әл-ауқатына бағытталған әлеуметтік шаралар кешені іске асырылуда.
Баяндамашылардың баянда қорытындылары бойынша аудандардың қоғамдық кеңестерінің төрағалары, сондай-ақ шақырылған аудан әкімдерінің орынбасарлары өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Мемлекеттік органдарға жұмыс барысында пайдалану үшін ұсыныстар мен ұсынымдар берді.