Логотип

Меню

Страницы

Статья

Шарбақты ауданының әдеп жөніндегі үәлілінің жұмысы туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басым міндеттердің бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатта аудандық «Sharbaqty» газетінде «Стоп коррупция» арнайы айдары ашылып, жұмыс істеуде.

Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттық материалдар жүйелі түрде шығып тұрады.

Халықты аудандық газет және аудан әкімдігінің ресми сайты арқылы жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражатын бөлу және жұмсау жөніндегі шешімдерді қабылдауы және іске асыруы туралы, халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы хабардар ету қамтамасыз етіледі.

Аудан аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 5 сыртқы жарнама нысаны (баннерлер) орнатылды.

2021-2022 жылдары осы тақырып бойынша БАҚ - та 49 ақпараттық материал шықты, оның ішінде: 15-баспа, 34-ауданның электрондық БАҚ-рында.

Барлық мемлекеттік органдарда ғимаратқа кірген кезде, басшылар мен мамандар кабинеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа материалдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының нөмірі орналастырылған. Роликтер қоғамдық орындарда (сервистік әкімдік, ХҚКО, аурухана) орналастырылды.

Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығы мақсатында және «Antikor.Live» бағдарламасы аясында Facebook әлеуметтік желісіндегі «Шарбакты сегодня» парақшасында айына 2 рет мемлекеттік органдардың қызметі туралы тікелей эфирлер өткізіледі.

«Adal komek» жобасы аясында аудан әкімдігінің өкілдерімен заңгерлерді, нотариустарды тарта отырып, сотшы тұрақты негізде тегін заң консультацияларын өткізеді.

Сондай-ақ, Шалдай, Есілбай, Хмельницкое шалдайдағы елді мекендеріне бару ұйымдастырылды,  онда ауыл тұрғындары тегін кеңес алу мүмкіндіктері бар.

  Бүгінгі күні фронт офисте өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы 1-ден 6 бұрышқа дейін кеңейтілді.

«Open Sharbaqty» фронт-офисі «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ғимаратында орналасқан. Бүгінгі таңда кіру тобына арналған таяныштар, сырғанауға қарсы алюминий жабыны бар домалатпа пандус, ұйымның атауы және Брайль қарпімен ұйымның мнемосхемасы, тактильді жол және «мүгедектерге арналған тұрақ» жол белгісі орнатылып, дайындалды. «OpenSharbaqty» фронт-офисінде жеке қабылдау залы бар.

  Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аудан әкімінің өкімімен жүктелген.

  Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер және жеке мәліметтерді көрсете отырып, жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі, кабинет және телефон нөмірлері Шарбақты ауданы әкімдігі аппаратының сайтында, сондай-ақ Шарбақты ауданы әкімі аппараты ғимаратының 1-қабатының фойесіндегі ақпараттық стендте орналасқан.

Апта сайын бейсенбі күндері мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде Әдеп жөніндегі уәкіл 3 адамды жеке қабылдады. Құқық қорғау және қалпына келтіру бойынша жүгінген мемлекеттік қызметшілер болған жоқ. Этикалық нормаларды бұзғаны үшін қызметтік тергеу болған жоқ.

Мереке күндері қарсаңында (ҚР Тәуелсіздік күні, жаңа жылдық мерекелер, 8 наурыз, Наурыз, мамыр мерекелері)аудан әкімінің апараттық кеңестерінде бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік қызметшілердің теріс қоғамдық резонанс тудыратын құқық бұзушылықтар жасауына және қызметтік автокөлікті жеке мақсаттарда пайдалануына жол бермеу туралы ескертіледі, персоналды басқару қызметі осы ескертуді қол қою арқылы тіркейді.

Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша, мемлекеттік қызметшілердің БАҚ және әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу, БАҚ-тағы жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі, қызметтік автокөлікті пайдалану бойынша рейдтер жүргізіледі.

2022 жылғы 9 наурызда 2022 жылғы 22 ақпанда бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің» нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің жаңартылған Әдеп кодексінің мәтіні және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтері бар стенд мемлекеттік және орыс тілдерінде аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ауданның ауылдық округтеріне көшпелі кездесулер ұйымдастырылды, оның барысында ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал туралы пікірталастар өткізілді, жеке қабылдау өткізілді, оның барысында қызықтыратын мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында ауданның мемлекеттік қызметшілерінің ҚСжАЕК базасында тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында Әкімшілік құқық бұзушылықтары бар мемлекеттік қызметшілер анықталды, олармен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Аталған жұмыс тоқсан сайын жүргізіледі.

Алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілермен қызметшінің сыртқы келбеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының Әдеп кодексі нормаларының сақталуы тақырыбында әңгімелесулер өткізіледі.

Күн тәртібінің сақталуына және қызметшілердің мемлекеттік мекемеде жұмыстан тыс уақытта негізсіз болу фактілеріне жол бермеуге бақылау жүргізіледі. Аудан әкімі аппаратының ғимаратына мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында болу уақытын белгілейтін турникет КБЖБЖ орнатылған. КБЖБЖ есебі ай сайын мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жолданады.

Ағымдағы жылдың маусым айында мемлекеттік қызметшілер арасында ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында сауалнама жүргізу жоспарланған.     

Дата публикации
08 июня 2022
Дата обновления
08 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы