Логотип

Меню

Страницы

Статья

Фитосанитарлық бақылау объектілердің бақылауындағы субъектілерге, ауылшаруашылық тауарөндірушілердің басшыларына

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңына, «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына сәйкес Шарбақты ауданы аумағында карантиндік объектілердің таралуына жол бермеу, оларды анықтау мақсатында ескертеміз:

9-бап. Жеке және заңды тұлғалардың карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің әкелінуінің және (немесе) таралуының алдын алу жөніндегі міндеттері

            Жеке және заңды тұлғалар:

      1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға;

      2) Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;

      3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткiзу үшiн ұсынуға;

      4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге;

      5) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде кедергілер жасамауға;

      6) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулауды және жоюды жүргізу кезінде жәрдем көрсетуге;

      7) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізуге;

      8) енгізілген уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралардың талаптарын сақтауға міндетті.

13-бап. Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу, iшкi мемлекеттiк тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртiбi

2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:

      1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;

      3) карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан және (немесе) өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса;

      4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын;

  1. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге – Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес фитосанитариялық сертификаттары болған кезде;

      2) Қазақстан Республикасының ішінде – Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге арналған карантиндік сертификаттары болған кезде рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік
объектілерден және бөтен текті
түрлерден қорғау жөніндегі
қағидаларға
8-қосымша

"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
2) карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын,өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде.
3) тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Фитосанитариялық сертификат немесе уәжді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға (көрсетілетін қызметті алушы 17-30-дан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінгенде, құжаттарды қабылдау, тіркеу және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы (бар болса);
3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
порталға жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағидалардың 27-1 және 28-тармақтарына сәйкес фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарында карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуына жол берілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарына сәйкессіздіктің анықталуы;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орынның өзгеру жағдайын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификат алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, фитосанитариялық сертификаттың дайын екендігі туралы хабарлама не оны беруден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

 

Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік
объектілерден және бөтен текті
түрлерден қорғау
жөніндегі қағидаларға
16-қосымша

"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

     

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20432 болып тіркелген) (бұдан әрі – №131 бұйрық) бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш берілген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушіге тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының № 131 бұйрыққа сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш берілген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Карантиндік сертификат немесе уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды тіркеу сағат сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, құжаттар келесі жұмыс күні тіркеледі);
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш;
2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағидалардың 49-1 және 50-тармақтарына сәйкес карантиндік сертификатты ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) есепке алу нөмірін алған көрсетілетін қызметті алушылар қара өріктің шарка вирусы (Plum pox potyvіrus), қалқаншалы және жалған қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлері бар жемістер мен жидектерді өңдеуге жіберген жағдайда, карантиндік арамшөптермен (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) залалданған астық пен оның өңделген өнімдерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орнының өзгеру жағдайын қоспағанда, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификат алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8 800 080 7777.

 

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ»ММ

Дата публикации
08 июня 2022
Дата обновления
08 июня 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы