
2022 жылғы 26 мамырда Аграрлық-техникалық колледжінің залында облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Шарбақты ауданы бойынша референдум өткізу жөніндегі учаскелік комиссиялардың төрағалары мен хатшыларына оқыту семинары өтті. ОРК төрайымы Аманжолова Гүлнар Қабиденқызы шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне республикалық референдумның мәні мен маңызын, оның елімізде өткізілу тарихын және оны дайындаудағы, ұйымдастырудағы өткізудегі комиссиялардың рөлін еске салды. Ол оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы әңгімелеп, оқытудың ережелері мен мазмұнын баяндады. Екінші спикер Вера Александровна Гейнц электоралды білім беру бойынша іскерлік көрнекі элементтері арқылы баяндама жасады. Шарбақты ауданының УРК жалпы комиссия және әрбір жеке мүше, төрағалары мен хатшыларына референдум бойынша учаскелік комиссияның жұмысының қағидаттарымен, сайлау комиссиясының жұмысынын алгоритмімен таныстырды. Ол референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмыс істеуге, дауыс беретін үй-жайларды жобалауға, тиісті құжаттаманы сауатты толтыруға баса назар аударды. Рөлдік ойында бюллетень беру алгоритмі пысықталды, істер жан-жақты талқыланып, талданды, сайлау күні туындауы мүмкін жағдайлары да қарастырылды. Тренинг соңында Гүлнәр Қабиденқызы семинарға қатысушылардың барлығына өз қызметінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, референдум комиссиясының әрбір мүшесінің жауапкершілігінің маңыздылығын еске салды. Облыстық референдум комиссиясының өкілдері референдум өткізу жөніндегі учаскелік референдум комиссия мүшелерінің дайындығын жоғары деңгейде бағалап, жоғары жауапкершілік пен сәттілік тілеп, жемісті еңбектері үшін алғыстарын білдірді. Семинар соңында барлық қатысушылар «Референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» атты әдістемелік құрал алды.