
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына сәйкес:
- Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады;
- Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады;
- Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.
Согласно статьи 24 Закона Республики Казахстан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы):
- тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 75 бабының 3 тармағына сәйкес Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу ескерту жасауға әкеп соғады.