Логотип

Меню

Страницы

Статья

Павлодарлық колонияда эко-ойыншықтар шығаратын цех ашылды

Өндірісті таныстыруға Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов қатысты.
Бұған дейін әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы адамдарға көмек көрсетуді мақсат еткен жас кәсіпкер Эмин Аскеров төрт жыл бұрын ағаш эко-ойыншықтар шығаратын "GreenTAL" әлеуметтік шеберханасын ашты, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар қолөнерді үйреніп, жұмысқа тұра алды.
"GreenTAL" кәсіпорны Павлодардың колонияларының бірінде қамаудағыларға жаңа кәсіпті меңгеруіне көмектесу үшін және жазасын өтеу орнынан босатылғаннан кейін білікті маман болу үшін эко ойыншықтар жасау бойынша цех ашуды ұйғарды.
Сондықтан бүгін АП-162/3 колониясында эко-ойыншықтар жасау цехы ашылды.
Цехтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, AMANAT партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко, облыстық мәслихат депутаттары Серік Сәдуақасов ("Атамекен" өңірлік палатасының директоры), Динара Айтжанова, Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов қатысты.
"GreenTAL" кәсіпорнының басты мақсаты - балаларға сапалы өнім шығару.
"Анти-гаджет деп саналатын ойыншықтардың бұл түрлері жинауға және талдауға бейімделген. Бұл ойыншықтардың бірнеше артықшылығы бар. Олар экологиялық таза, инновациялық, баланың менталдық дамуына ықпал етеді", - деп атап өтті Эмин Аскеров.
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы​​ #РПППавлодар​​ #seriksadvakasov​​ #РегСоветПавлодар

Дата публикации
05 мая 2022
Дата обновления
05 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы