
Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын оқыту, сондай-ақ саяси партиялар, ҮЕҰ, ЖАО өкілдерінің сайлауалды сауаттылығын арттыру мақсатында Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тоқсанында бір іс-шараны қамтитын оқыту жоспарын жасады.
Жоспарға сәйкес 14 сәуірде партия, «Дижан» ҚҚ, «Мила» ҚБ өкілдеріне «Ауылдық округ әкімдері мен мәслихаттар депутаттарын сайлау», «Сайлауалды үгіт-насихат жүргізу нысандары және пікірталастар» шаралар өткізілді.
Іс-шараның модераторлары А.Ж.Касенова, А.С.Омарова семинарға қатысушыларды ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну, тіркеу алгоритмімен және ережелерімен таныстырды. Партия өкілдеріне сайлауалды үгіт-насихат жүргізу нысандары, сайлаушылармен кездесулер кестесі, Шарбақты аумағында үгіт-насихат материалдарын орналастыру, сайлау науқаны кезіндегі жарыссөздердің мүмкіндіктері таныстырылып, түсіндірілді. А.С. Омарова Ойынның ережелері, ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Шара соңында «Ауылдық округ әкімдерін сайлау» атты рөлдік ойын өткізілді, оған саяси партиялардың, ҮЕҰ өкілдері қатысты