
Әдетте, осы кезеңде қоқысты, құрғақ шөпті және сабанды рұқсатсыз жағу орын алады, бұл өрттің өсуін арттырады. Құрғақ өсімдіктердің жануының себептері сөндірілмеген от, ұқыпсыз тасталған темекі тұқылдары мен сіріңкелер, құрғақ шөптер мен қоқыстарды қасақана жағу болып табылады. Осыған байланысты, табиғатқа шыққанда және үй маңындағы учаскелерді жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау -
Жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.