
Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырғандардың едәуір бөлігі амбулаториялық ем алуда. Сондықтан, егер пәтерде кем дегенде бір науқас болса, онда екі күнде тұрғын үй жұқпалы аурудың нақты ошағына айналуы мүмкін. Бұған жол бермеу және бала-шағаға зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді сақтауды ұсынамыз:
1) науқасты жеке бөлмеге оқшаулау, ал үй-жайдан артық заттарды алып тастау;
2) науқасты орамалмен, қол орамалымен және ыдыспен жабдықтау керек. Барлық осы заттарды бөлек сақтап, жуу керек;
3) науқастың бөлмесінде және жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күніне кемінде екі рет ылғалды жинау жүргізу қажет. Еденді дымқыл тазарту бөлек шүберекпен жүргізілуі керек;
4) пациенттің пайдалануындағы заттар залалданған болуы ықтимал деп қаралуға және залалсыздандырылуға тиіс. Сондықтан науқастың жеке заттарын оқшаулау-бұл қоздырғыштың берілу жолдарын тоқтатудың негізгі шарасы.
Науқасты ауруханаға ауыстырғаннан кейін, сауыққаннан кейін, қайтыс болғаннан кейін, ошақта дымқыл тазалаудан кейін қалған қоздырғыштарды толығымен жою үшін соңғы өңдеу жүргізіледі, әсіресе науқас төсегінің қасындағы қабырғалар, терезелер, есіктер және барлық заттардың үсті мұқият жуылады.