
2021 жылдың 12 айында «Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетілді:
- шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау;
- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
- Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру.
Барлығы 35 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде – 18 қызмет, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы-17 қызмет
2021 жылы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» болып табылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде шағымдар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн режиміндегі семинар-кеңеске қатыстық. Семинар барысында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, сондай-ақ «Е-лицензиялау» АЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді. Ұйымдастырушы: «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде округте «Электрондық Үкімет» порталы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2021 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 128 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.