Логотип

Меню

Страницы

Статья

Екпе алу - маңызды

«Вакциналар қорғайды!» Індеттің зардаптарынан қорғану үшін иммундаудан өтудің қажеттілігі туралы екі жыл бойы айтылып келеді. Өйткені ұжымдық иммунитеттің арқасында коронавирустық инфекцияның эпидахуалы біршама тұрақтанды. Алайда, вирус мутациялануын тоқтатқан жоқ және әртүрлі штамдар пайда болуда.

 

Қазіргі уақытта «стелс-омикрон» көптеген елде таралуда. Бұл штамм өзге түрлеріне қарағанда басымырақ түсті және аурудың тез өсуіне, жағдайдың өршуіне себеп болуда. Ұлыбритания ғалымдарының соңғы мәліметтеріне сәйкес, жаңа штамды жұқтыру бойынша апталық көрсеткіштердің  өсу қарқыны  «Омикронға» қарағанда 80 пайызға жоғары.

 

Біздің елде мутацияның бұл түрі табылған жоқ. Бірақ «сақтықта қорлық жоқ».

 

Қазақстанда вакцинация көрсеткіштері  жоғары. Халық мереке күндері де ауруға қарсы иммунитеттің қорғаныс күшін екпе арқылы нығайтып жатқаны қуантады. Мысалы, 2022 жылғы 04 сәуірдегі Шарбақты ауданында коронавирустық инфекцияға қарсы 1 - ші компонентпен 8865 адам вакцинацияланса, 2 - ші компонентпен – 8356 адам.

Маңыздылығы кем емес ревакцинация туралы да ұмытпау қажет. Бүгінгі таңда 2779 Шарбақты ауданының тұрғыны бустерлік дозаны алды.

 

Әлемдік пандемияны тек бірге жеңе аламыз. «Вакцинация маңызды!» Өзіңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғаңыз! Вакцина алыңыз!

 

Дата публикации
05 апреля 2022
Дата обновления
05 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы