
2022 жылдың 23 наурызда АСК мүшелері Жылы-Бұлақ ауылдық округінің УСК-на оқыту жұмысын ұйымдастырды. АСК мүшелері сайлауды дайындау мен өткізуде УСК-ға ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастыру бойынша көмек көрсетті. Хатшы Айгүл Омарова сайлау күні іс-қимылдың нақты алгоритмін айтып, барлық құжаттардың дұрыс толтырылуын көрсетті. Алған білімдерін бекіту үшін «Сайлау» іскерлі койыны өткізілді, онда УСК-ның әрбір мүшесі өзіне берілген жүктемені орындай алды. Жиын соңында жіберілген қателіктер сараланып, осы және басқада қателердің алдын алу бойынша ұсыныс тарайтылды. АСК мүшелері УСК тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Кездесу нәтижелі болды.