
Ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптары, міндетті термометрия, Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану алынып тасталды.
Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға және күнделікті "кіру" сүзгісіне (байланыссыз термометрмен термометрия) қойылатын талаптар алынып тасталды. "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беру шектеулері алынып тасталды.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу алынып тасталды.