Логотип

Меню

Страницы

Статья

Туберкулез және жүктілік

Туберкулез - әлемде ең кең таралған індет. Туберкулез қоздырғышын жылына шамамен 1 милиардқа жуық адам жұқтырады, оның 8-10 миллионы туберкулезбен сырқаттанса, соның 1 миллионға жуығы осы індеттің салдарынан өледі. Статистикалық мәліметтері бойынша әйелдердің жүктілік және босанғаннан кейінгі кезінде туберкулезбен ауырғаны туралы оқиғалар тіркелген.

            Бақытты жанұя және баланың дені сау болуы үшін барлық әйелдер, жыл сайын өкпе флюорографиясынан өту керек.

            Босанғаннан кейін нәрестенің қауіпсіздігі үшін жергілікті емханада флюорографиядан өту керек.

            Егер жүкті әйел жөтелсе ( құрғақ және ылғалды), алқынса, кешке қарай денеқызуы көтерілсе, түнде терлесе, салмағы қосылмаса, онда ол әйелдер кеңесіне жүгіну керек.

            Дәрігерболашақ нәрестінің денсаулығына қауіпті емес кезеңде жүкті әйелге флюорографиядан өтуге жолдама береді.

 

            Жүкті әйел туберкулез ауруынан сақтануына болады, егер:

 

- Жыл сайын жергілікті емханада уақытылы  флюорографиядан өтсе.

- Белсенді өмір сүрсе, жүкті әйелдерге арналған дене шынықтыруымен шұғылданса, таза ауада серуендесе.

- темекі шегуден, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан, есірткіден аулақ болса.

- Тиімді тамақтансаңыз, күніне 5 рет ет, сүт тағамдарын, балықты пайдаланса, 400 грамнан төмен емес көкөніс пен жеміс-жидек және  5-6 грамнан артық емес тұз қолданса.

- Күнтәртібі мен демалыс үйлесімін сақтаса. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтаса.

- Жеке және қоғамдық тазалық ережелерін сақтаса.

 

            Болашақ нәрестеңізбен, өз денсаулығыңызды сақтаңыз!

Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
16 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы