Логотип

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің назарына пестицидтердің ідістарын жою туралы ақпарат

Бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын пестицидтерді (инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер және т.б.) пайдалану кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде зияндылықтың экономикалық шегінен асатын зиянды немесе аса қауіпті зиянкестердің болуын растайтын егістік алқаптарының сараптамасының сертификаттары болуы тиіс.

Пестицидтердің полимерлі ыдыстары 3-4 қауіптілік класына жатады және қоршаған ортаға, адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Пестицидтердің ыдыстарын  жою  қауіпті қалдықтарды басқару саласындағы маңызды мәселе болып табылады, өйткені олардың қауіптілігі улы заттардың өзінен кем емес.   

2020 жылғы 11 маусымда «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 жаңа бұйрығы қолданысқа енгізілді. Оның 81-тармағында- «Жеткізушімен шарт болған жағдайда, метал ыдыс немесе полимер материалдан жасалған арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) зарарсыздандырылмаған, бірақ сырты таза және тығыз жабылған күйде қайтарылады. Олай болмаған жағдайда, кәдеге жарату немесе жою алдында ол нақты пестицидтерді зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) жөніндегі ұсынымдарда баяндалған талаптарға сәйкес зарарсыздандырылады.  

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мұндай контейнерлерді қауіпті қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және орналастыруға лицензиясы бар ұйымдарға беруге міндетті. Шаруа қожалықтарында контейнерлерді заңды негізде кәдеге жарату туралы ресми құжат болуы керек (Кәдеге жарату актісі).

Оны өртеуге, пайдалану орындарында қалдыруға, қоғамдық қоқыс алаңдарына тастауға болмайды, өйткені қоршаған ортаны нашарлатады.

Техникалық регламенттің талаптарын бұзғаны үшін – химиялық өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеу, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» ММ

Дата публикации
11 марта 2022
Дата обновления
11 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы