Күйдіргі - үй және көптеген жабайы жануарлардың жіті инфекциялық ауруы. Күйдіргі бацилласы -қоздырғышы болып табылады.
Күйдіргі қоздырғышы көптеген жылдар бойы топырақта болуы мүмкін.
Күйдіргі ауруы:
- ауру жұқтырған малды ветеринариялық куәландырусыз сойғанда;
- күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған етті тамаққа қолданғанда;
- күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған ауаны жұтқан кезде жұғуы мүмкін. Күйдіргі ауруының қоздырғышы топырақта жүз жылға дейін сақталуы мүмкін.
Аурудың белгілері:
- Тері бубондық түрі - инфекция түскен тері қышып, іріңді дақ пайда болады. Содан кейін дақ күлдірейді, 2-6 күннен кейін қара қабыршықпен жабылған уытты ойық жараға айналады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, денесі құрысып ауырады.
- Ішектік түрі – іштің қатты ауырып, құсу және қан араласқан сұйық дәреттен басталады.
- Өкпелік түрі - дене қызуы көтеріліп, адам қатты қалтырайды, мол қақырық бөлінеді. 3-5 күннен кейін жедел өкпе жеткіліксіздігі пайда болып, яғни жүрек соғысы жиілеп, ауыр демікпе, естен тану мен өлім жағдайына алып әкеледі.
Алдын алудың негізгі шаралары:
- Үй жануарларының күтімі кезінде қорғаныш құралдарын қолдану және жеке бас гигиенасын сақтау (жануарлардың барлық түрлері ауырады);
- Күйдіргіге қарсы үй жануарларына профилактикалық екпе жүргізу қажет;
- Малды тек алдын ала ветеринариялық тексеріп-қараудан кейін ғана сою;
- Кездейсоқ адамдардан ет және сүт өнімдерін сатып алмау керек.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде дәрігермен кеңесу керек!
Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы А.Н. Штрель.