
2022 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.Есмағамбетова «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін қолданыстағы шектеулерді жеңілдетуді қарастыратын № 10 Қаулыға қол қойды.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 21 ақпанда бастап Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.
Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 25 ақпанда қызыл аймақта қолданыста болған шектеулерді алып тастауды қарастыратын №4 Қаулыға қол қойды.
Бірақ бұл ретте әрбір объект өз қызметін ҚР БМСД № 38 Қаулысындағы алгоритмдерге сәйкес жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 Қаулысында қолданыстағы Қаулыларға кейбір өзгерістер енгізілді, атап айтқанда :
- ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды;
- Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және бастапқы курсты аяқтау үшін вакцинаның бірінші дозасын шетелде алған адамдар енгізілді;
- «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар да қосылды;
- Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен сәтте егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, Қазақстан Республикасында ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсыну кезінде ПТР-тест жүргізу талап етілмейді;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға ПТР тест талап етілмейді;
- «жасыл» немесе «көк» мәртебелері болған жағдайда ілесіп жүретін адамдар үшін білім беру ұйымдарына кіруге шектеулер алынып тасталды.
Қаулы 2022 жылдың 28 ақпанынан бастап күшіне енеді.