Логотип

Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңға өзгертулер енгізілді

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі көрсетілген 21-бабына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлаймыз.

ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабы:

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады.

Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

Заңға енгізілген өзгертулер бойынша қосымша ақпарат және де маңдайша, хабарландыру, жарнама, басқа да көрнекі ақпараттарын ілмей тұрып, Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарына көрсетіп, кеңес алу үшін  87779331497 және 2-10-79 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Шарбақты  ауданының ішкі саясат және

тілдерді дамыту бөлімі

Дата публикации
22 февраля 2022
Дата обновления
22 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы