Логотип

Меню

Страницы

Статья

Абайлаңыз -туляремия!

Туляремия-табиғи ошақтағы бар зоонозды жұқпа. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ сақталады: суда, ылғалды жерде, дәнде. Сабанда, азық-түлік тағамдарында. 60 гр.С дейін қыздырғанда 5-10 минуттен кейін өледі, қарапайым дезинфекциялаушы ерітінділермен жойылады.

Аурудың белгілері. Ауру жіті формада, кенеттен дене қызуының 39 гр-40 гр С көтерілуінен басталады. Бастың қатты ауруы, бастың айналуы, аяқ бұлшық еттерінің, арқа мен белдің ауруы, тәбеттің жоғалуы пайда болады. Ауыр жағдайда адам құсады, мұрыны қанайды. Сипаттық белгілері- лимфалық түйін ұлғаяды, оның мөлшері бұршақтан грек жаңғағының мөлшеріне дейін болуы мүмкін.

Туляремияны қайда және қалай жұқтыру мүмкін? Табиғатта туляремиямен көбінесе тышқандар, су кеміргіштері, ондатрлар, құндыздар, атжалмандар ауырады; мысық және иттер азырақ сезімтал; адам өте сезімтал. Адам тері жабындысының зақымдалған жері арқылы, жәндіктің тістеуінен (кенеде, бүргеде, масада, сонада, құрт-құмырсқада тістеуде және тыныс жолдар т.б.( ауруды жұқтыра алады. Шаруашылық жұмыстар кезінде (шөп, құрама жем, қоқыс жинау және т.б.) құдықтан және табиғи су қоймаларынан алынған қайнамаған суды ішкенде, кеміргіштердің қиымен ластанған тағамдарды жегенде ауруды жұғуы мүмкін.

Аңшылар үшін ауру мал үлкен қауіп төндіреді, өйткені мал етін бөлгенде, терісін алғанда, терінің зақымдалған жерлері арқылы қоздырғыш адамның ағзасына түсуі мүмкін.

Туляремиядан өзіңді қалаай сақтауға болады? Ең тиімді шара -бұл 5 жыло бойы аурудан қорғайтын алдын алу екпелерін жасау.

Қаңсорғыш жәндіктер мен кенелерден қорғану үшін жеке қорғаныш заттарын- репелленттер, қорғаныш жамылғы, торды пайдалану керек.

Үй-жайда кеміргіштер пайда болған кезде оларды жоюға бағытталған шараларды қолдану қажет. Аулалардың және бақша учаскелерінің тазалығын қатаң сақтау керек, аумақтың ластануына жол бермеу, қоқыс пен азық-түлік қалдықтарын тығыз жабылатын қақпақтары бар қоқыс жинайтын жәшіктерде, қатаң белгіленген орындарда сақтау қажет.

Азық-түлік өнімдерін кеміргіштер енбейтін орындарда, суды жабық ыдыста сақтаған жөн. Кеміргіштерден қалған іздері бар өнімдерді пайдаланбау, сондай-ақ кеміргіштер зақымдаған (кемірулер, қидың болуы) саңырауқұлақтарды жинамау. Ішу мақсатында қайнаған суды қолдану қажет.

Ауа-шаң жолымен жұқтырылуды болдырмау үшін, шаң жұмыстарын жеке қорғаныш құралдары – респиратор, қолғапты пайдалана отырып, жүргізу қажет.

 

Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Дата публикации
22 февраля 2022
Дата обновления
22 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы