Логотип

Меню

Страницы

Статья

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз кесу

2021 жылдың 27 қарашасында Арбиген ауылының жұмыссыз тұрғыны "Ертіс орманы" РММ Шалдай филиалының Шошқалы орманшылығына Газ-53 автокөлігімен келіп, "Партнер" бензопиласының көмегімен "Қарағай" тұқымды қураған ағаштарды заңсыз кескен.

Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындап, тұрғын үйді жылыту мақсатында өзі үшін ағаш кесуді жүзеге асырғанын көрсетті. 

Сот құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 3-бөлігі бойынша ерекше қорғалатынағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша кінәлі деп танып, мемлекет кірісіне 306285 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.

 Сонымен қатар, сот мемлекет кірісіне «Газ-53» автомашинасын, бензопила мен алынған ағашты тәркіледі.

 

Қаулы заңды күшіне енді.

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы