
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жастарға сайлауалды-құқықтық тәрбие беру жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың 1 ақпанында «Сайлау - барлығымызға ортақ іс» тақырыбында эссе байқауы жарияланған болатын. Байқауға ауданның 28 оқушы қатысып, АСК-ға өз ойларын жолдады. Балалар өз шығармаларында сайлаудың әрбір азаматтың, жалпы елдің болашағын қалай анықтайтыны, дауыс берудің неліктен маңызды екендігі, сайлау мен елдің қоғамдық өмірі арасындағы байланыс қандай екендігі туралы ой қозғады. Оқушы Полетаева Надежда әр адамның таңдауы жалпы ұлт болашағына, оның экономикасы мен саясатына әсер ететінін айтса, Шутко Карина сайлау туралы өз ойын «Кем быть» поэмасы арқылы классик ақын В.Маяковскийдің көзқарасымен әңгімеледі, Насибуллина Римма әрбір сайлаушының саналы таңдауында болатын жауапкершілікке шақырды. Балалардың сайлау туралы сауатты және әрі еркін ойларын білдіруі, саяси процестің маңыздылығын түсініп отырғаны, бұл олардың жарқын болашақта құзыретті сайлаушылар болатындығына сенім ұялатады.