
Жер қатынастары саласында барлығы мемлекеттік қызметтің 10 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды басшылыққа алады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 215, оның ішінде:
электрондық түрде барлығы - 215 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыссыз);
2021 жылы ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 21;
- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»-167;
Сондай-ақ бас тартылды:
- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»-3;
- «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»-14;
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған стенділер жабдықталған.
ТСондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz), Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде «Жер қатынастары» кіші бөлімі бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті ережелеріне сілтеме бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
Бөліммен тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәсілдері мен тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
2021 жылы Facebook әлеуметтік желілерінде мақалалар, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері жарияланды, Шарбақты ауданы әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп бекіткен 2021 жылға арналған цифрлық сауаттылықты арттыру (халықты электрондық қызметтерді алуға оқыту) желілік кестесіне сәйкес «Электрондық үкімет веб-порталы және мобильдік қосымшалар (eGov mobile, тelegram) арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша» 26 оқыту өткізілді.
Сондай-ақ, «Open Sharbaqty» фронт-офисінің алаңында бөлім қызметкерлермен ббірлесіп, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылар арасында электрондық үкімет веб-порталы (www.egov.kz) арқылы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша оқыту жүргізілді.
Бөлім мамандарымен аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын көшпелі семинарлар ұйымдастырылады, оларды біздің ауданымызда Павлодар облысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы өткізеді..
2021 жылы бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары «Мемлекеттік қызметтердің нәтижелілігін басқару. Қызмет алушылармен қақтығыс жағдайында коммуникация дағдылары» тақырыбында біліктілікті арттырудың үш күндік курсын өтті..
Оқыту 2021 жылғы маусымның 16 мен 18 аралығында өтті. Оқу аяқталғаннан кейін барлық мамандар сертификаттар алды..
Сонымен қатар, басшылар мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандар тиісті Заңдарды, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін, әдістемелік ұсынымдарды зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады..
Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі талдау жүргізеді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Ішкі бақылау және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі бойынша функциялар бөлімнің ішкі бақылау жөніндегі бас маманына бекітілген.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтері жүргізетін бақылау іс-шараларының мақсаты бақылау нысандарының бұзушылықтарды анықтауы, жоюы және жол бермеуі болып табылады..
Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдары арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүргізілмеген.
Шарбақты ауданында 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде::
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;
- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелерде ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер парақшаларында жариялау;
- көрсетілетін қызметті берушілердің барлық ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде оларға қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхемалар, шақыру түймелері, белгілер және т. б.);
- көрсетілетін қызметті алушыларды электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;