Логотип

Меню

Страницы

Статья

Мен сайлаушымын

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеуге байланысты жастарға электоралдық-құқықтық тәрбие беру мақсатында Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 3 ақпанда жастары арасында «Сайлау және жастар» іскерлік ойынын өткізді. Шара басында бір-бірін танысу, одан соң ұжымды біріктіру мақсатында тренингтер ұйымдастырылып, одан кейін модераторлар қатысушыларға іскерлік ойынға 3 адамнан топ болып бөлінуді ұсынды.

         Ойынға қатысқан 5 команданың әрқайсысы жеребе тарту арқылы қатысушылар таңдаған белгілі бір саяси партияны ұсынуы керек еді. Келесі кезекте командалар партия көшбасшысын анықтап, оның тұғырнамасын зерделеп, партиядан үміткерді таңдап, сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, сөз сөйледі.  Командалардың әрқайсысы өз бағдарламасын қорғап, қарсыластарына сұрақ қоюға, пікір білдіруге мүмкіндік алды.

         Іс-шара модераторлары спикерлерге көмектесіп, оларға бағыт-бағдар беріп, сайлау науқанында нені қолдануға болмайтынын көрсетті. Осылайша, жас сайлаушылар еліміздің саяси партияларымен, олардың жетекшілерімен, идеологиялық көзқарастарымен танысты. Шара қатысушылардың іс-әрекетіне талдау жасалып, жастардың пікірлері тыңдалып, естелік суретке түсумен аяқталды.

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы