
Шарбақты ауданық мәслихатының «Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 144/48 «Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасына ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына және ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 39-3 бабына сәйкес әзірленді.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту болып табылады.
Шешім жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.