
Шарбақты ауданы мәслихатының «Шарбақты ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарна ставкаларын бекіту болып табылады.
Қаулы жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.