Логотип

Меню

Страницы

Статья

Туберкулез туралы сөйлесейік

Туберкулез–жұқпалы ауру, ол адам ағзасына туберкулездің микробактериялары енгенде дами бастайды. Туберкулезбен ауыратын адам және оның шығындылары, әсіресе қақырығы негізгі жұқпа көзі болып табылады. Туберкулезді ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде жұқтыру мүмкін. Аурудың ерте анықталуы туберкулезді емдеудің ең маңызды шарты болып табылады.

Туберкулездіңнегізгібелгілері:

- 2 аптаданастамуақытжөтелу, қақырықшығару;

- Денесалмағыныңкемуі;

- Түнгітерлеу;

- Денетемпературасының 37,00 С-37,90 Скөтерілуі (әсіресекешке);

- Жалпыәлсіздік, тез шаршау;

- Кеудеауруы.

Ауруды дер кезінде және нақты анықтау үшін науқасты тексеру қажет. Қазіргі кезеңде ауруды анықтаудың еңсенімді әдістері: бактериологиялық (қақырықтызерттеу), балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасын енгізу, рентгенологиялық. Туберкулездің алдын алу мыналарға бөлінеді, тікелей ауру қоздырғышына бағытталған - ерекше (вакциналау) әдісі және сау адамдар арасында аурудың алдын алуға бағытталған – санитарлық әдісі. Вакциналау әлемнің 118 елінде өткізіледі және туберкулездің алдын алудың негізгі нұсқасы болып табылады. Вакциналау перзентхананың екпе егу кабинетінде, бала анасының жазбаша рұқсаты алынып өткізіледі. Бірақ, вакциналау ауыру мүмкіншілігін толығымен жоймайды, сондықтан ата-аналар туберкулездің алдын алу бойынша басқа да шараларды қолдану қажет: баланы жұқтырудан қорғау, дұрыс дене тәрбиесін өткізу, тиімді тамақтандыру, бала ағзасын шынықтыру.Санитариялық алдын алуға мыналар енеді: науқаспен санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау.Халықты флюрографиялық әдісімен тексеру туберкулезді анықтаудың негізгі әдісі болып табылады. Ересек адамдар мәселені жете түсініп, флюрограиялық тексеруден жүйелі түрде өту қажет. Міндеттітүрдетуғандавакциналаужәне 6-7 жастақайтавакциналау. Саламатты өмір салтын ұстану, тиімді тамақтану (тамаққает, сүтөнімдерін, балық, астық тектес өсімдіктерді, көкөніс пен жеміс-жидект іқажетті деңгейде қабылдау), жүйелі түрдегі физикалық белсенділік, толықдемалу (қажеттімерзімұйықтау), шылым шегуден, ішімдік ішуден және есірткіден бас тарту, таза ауадажиісеруендеу, үй-жайды жиі желдету. Жеке гигиена ережелерін сақтау (жөтелу және түшкіру кезінде майлық немесе қолорамалмен қолдану қажет). Туберкулезді дер кезінде диагностикалау жән еемдеу. Жүктілікті жоспарлау. Бала туғаннан кейін флюрографиялық тексеруден дер кезінде өту.

Дата публикации
25 января 2022
Дата обновления
25 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы