
Мектеп жасына дейінгі немесе мектеп жасындағы балалардың салауатты тамақтануы көбінесе дене дамуы мен үлгерімін анықтайды. Баланың толыққанды рационға және дұрыс тамақтанудың табиғи өнімдеріне қажеттілігі ересек адамға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары. Балада зат алмасу ересек адамға қарағанда 2 есе жылдам өтеді, сондықтан балалардың тәуліктік тамақтану рационы 10% жоғары болуы тиіс. Баланың дұрыс тамақтануы әр түрлі тағамдардан тұруы керек: жемістер, көкөністер, сүт өнімдері, балық, ет, жармалар.
Баланың тамақтануы калориялығы бойынша теңдестірілген, яғни баланың белсенділігі мен дамуы үшін барынша оңтайлы болуы тиіс. Тағамдық өнімдер әр түрлі топтағы қоректік элементтерді қамтуы тиіс: ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды заттар. Баланың тамақтану рационына келесі өнімдер кіруі керек: ет, құл, сүт, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, компот, кисель.
Кептірілген нан, чипс, фастфуд, саңырауқұлақтар, ысталған өнімдер, жасанды хош иістендіргіші бар өнімдер, газдалған және энергетикалық сусындар сияқты өнімдерді қолдануға болмайды.
Тамақтану режимі қоректік заттардың дұрыс игерілуіне, ас қорыту жолдарының тиімді жұмысына және заттардың қалыпты алмасуына ықпал етеді.
Тамақтануды ұйымдастырудағы маңызды факторлар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және өнімдерді өңдеудің технологиялық процестерін сақтау болып табылады.
Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Айкүмісова Б.М.