Логотип

Меню

Страницы

Статья

Бірнеше жыл бұрын мен зейнетақы қорында шот ашқан едім, бірақ жұмысқа шықпадым. Бұдан кейін үш жыл бойы ресми түрде еш жерде жұмыс істемедім, сондықтан да жарна аударылмады. Енді ресми түрде жұмысқа шықтым, бірақ маған «жеке зейнетақы шотыңыз» жоқ деді. Сонда менің шотым қайда кетті, әрі оны қалай қайтадан ашсам болады?

01.03.2021ж. бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылдың 12 ақпанындағы № 27 қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидалары күшіне енді. Соған сәйкес зейнетақы жинақтары аударылмаған жағдайда 1 (бір) ай өткен соң ЖЗШ жабылады.

Яғни, бұрын ашылған ЖЗШ, оның ішінде адам жұмысқа орналасқан кезде, шот ашуға өтініш беріп немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасалынбаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған, әрі зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу мен аудару жүзеге асырылған ЖЗШ-да  төлем, не аударым жүзеге асырылғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде жарналар түспеген жағдайда, бұл шоттардың барлығы автоматты түрде жабылады.

Одан әрі жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушіден алғашқы жарна түскен кезде ЖЗШ автоматты түрде ашылады. Бұл қағидат:

- 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналарына қатысты;

- 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарына қатысты;

- 2021 жылдың 26 қазанынан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) қатысты.

Жеке зейнетақы шотына жарналар аударылатын тұлғаның жеке басын куәландыру – МКЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтерді: тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрғылықты мекенжайы туралы, өзге де мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Дата публикации
21 января 2022
Дата обновления
21 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Александровка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы