Логотип

Меню

Страницы

Статья

Өзіңді тұмаудан сақта!

Суық мезгіл басталысымен вирустық аурулардың, оның бірі қауіпті тұмаудың таралуының артатыны ертеден-ақ белгілі.

Тұмаудың вирусы әлем бойынша таралған.Тұмау вирусы жоғарғы тыныс алу жолдарының,мұрынның, трахеялардың, бронхтардың жыбырлағыш эпителиясының жасушалары арқылы енеді. Осы жасушаларда вирустар көбейіп,олардың бұзылып,жойылуына әкеліп соғады.Бір тәулік ішінде вирус ондаған триллионнан астам вирустарды өндіреді.Соның салдарынан жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді,жөтел,түшкіру пайда болып,мұрын бітеледі.

         Эпителияның зақымдалған жасушаларын тастап, вирустардың жартысы қанға еніп,барлық мүшелерге тарайды,қан тамырларын,ішкі мүшелерді зақымдайды.Жиі өкпенің, бас миының қан тамырлары зақымдалады.

         Тұмау вирусы адам ағзасының иммунитетін (қарсыластығын) төмендетеді.Тұмаудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бастап 2-3 тәулікке дейін созылады.Негізгі белгілері-дене қызуының 40 градусқа дейін және  одан жоғары артуы,әлсіздік,дененің ауруы,бұлшық еттің ауруы,бас ауруы,жұтқыншақтың ауруы,жөтел,мұрынның бітелуі.Тұмау құлақтың,жұтқыншақтың,мұрынның, тіреу-қозғауыш жүйесінің асқынуымен және жүрек-тамырлы, тыныс алу жүйесі,қант диабеті,эндокринді аурулар,бронх демікпесінің созылмалы ауруларының асқынуымен қауіпті.

Тұмау әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда,созылмалы аурулармен ауыратын 65 жастан асқан егде адамдарда ауыр өтеді.Қатерлі топқа жүкті әйелдер де жатады.

Тұмаумен аурудың,асқынулары мен өлім-жітімнің жалғыз ғана және тиімді алдын алу шарасы вакцинациялау болып табылады.Тұмауға қарсы екпені эпидемиялық кезеңнің басталуына дейін жүргізеді.(қараша-желтоқсан).

Тұмаумен және басқа ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі кезінде алдын-алу шараларын сақтау қажет.

Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйге медициналық қызметкерді шақырту керек.

Қолды сабынмен,әсіресе түшкіріп,жөтелегеннен кейін мұқият жуу                            керек.Пәтерді,үй жайларды жиі желдетіп,жуып—тазалау керек.

Көшеге шығар алдында мұрын жолдарына оксалин мазін жағу керек,бұл вирустың тыныс алу жолдарына ену мүмкіндігін төмендетеді.

Дата публикации
21 января 2022
Дата обновления
21 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы