Логотип

Меню

Страницы

Статья

"Құтқару миссиясы-асыл адамдардың абыройы". Дәл осындай ұранмен ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау Академиясы курсанттарын оқытады.

         Азаматтық Қорғау Академиясы Қазақстан Республикасы ТЖМ "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайларда қорғау" және "Командалық тактикалық күш" мамандықтары бойынша жоғары моральдық және іскерлік қасиеттері бар, түрлі сипаттағы экстремалды жағдайларда міндеттерді шеше алатын, азаматтық қорғау органдарындағы қызмет үшін жоғары білікті офицерлерді дайындайтын жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады.
Академияға күндізгі оқуға 25 жастан аспаған, оқу жылының басында 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) білімі бар, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, түсу емтихандарын табысты тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. ЖОО түсу кезінде Ресей Федерациясы мен Беларусь  Республикасының Жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігі пайда болады.
         Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі біздің оқу орнына түсу үшін ауданның орта мектептері мен колледждерінің түлектерін шақырады. Барлық сұрақтар бойынша Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөліміне 2-30-46 телефоны бойынша немесе Баян-батыр көшесі, 11 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

 

Шарбақты ауданының ТЖБ

Дата публикации
20 января 2022
Дата обновления
20 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы