
Жылыту кезеңінде жиі кездесетін өрттердің себебі жылыту пештерді пайдалану кезіндегі ережелерді бұзушылық. Сырттай бүтін көрінетін пешті анықтап зерттегенде біршама қауіп төңдіретіні айқындалады, атап айтқанда:
- пештің кірпіш қабырғаларында, мұршаның төбемен қиылысында жарықтар пайда болып, от пен жоғары қызу температурасы қабырғалар мен төбенің ағаш конструкцияларына әсер етеді;
- пештер мен жаңғыш конструкциялы қабырғалар арасында оқшаулар жасалмай, пештерді ағаш еденге орнатылуы жиі кездеседі;
- пеш пен күлдегіштің есіктері ақаулықтармен пайдалануда;
- үлкендігі 50х70 сантиметр қаңылтыр табағы орнатылмайды;
- пештерді шамадан тыс қыздыру орын алуда;
- трубалар мен мұршалар күлден тазартылмайды;
- жанып жатқан пештер қараусыз қалдырылады;
- пештердің үстінде отын мен киімдер кептіріледі.
Тұрғын секторда өрт қауіпсіздік бойынша жауапкершілік үй иесіне жүктеледі, жіберілген өрт үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.
Шарбақты ауданының ТЖБ