Логотип

Меню

Страницы

Статья

Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсету барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бектіу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына сәйкес, төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді;

  • Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру"
  • «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру"
  • «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу"
  • Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге  асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру"

2020 жылдың қорытынды ақпаратына сәйкес, инспекциямен 1449 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру кезінде 1152 мемлекеттік қызмет көрсетілген және карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру кезінде 297 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету толық «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.

         2021 жылдың 11 ай ішінде, 1558 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру кезінде 1349 мемлекеттік қызмет көрсетілген және карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру кезінде 209 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету толық «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде карантинге жатқызылған өнімдерді экспортау көлемі 2021 жыл басынан – бидай 88350,8 тонна, күнбағыс  960,3, қарақұмық 692 тонна, тары 60 тонна, арпа 1015 тонна, зығыр 136 тонна, зығыр қалдықтары 135 тонна құрады.

          Өсімдіктер карантині саласында барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

   Сонымен бірге, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы  11 ақпандағы N 344-I Заңы 13-і-бабы 5-тармағына сәйкес,   Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың, карантиндік сертификаттың бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат қалалық және аудандық деңгейдегі әкімшіліктің ресми сайттарында орналастырылады.

Сыбайлас жемқорлық туындауын алдын алу және заң бұзушылық іс-әрекеттерді анықтау үшін, Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы ғимараттарында «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Мемлекеттік қызметті алушылар үшін, қолжетімді жерлерде «ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшіктер орнатылған.

Инспекция басшысы жұмы күні жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

Инспекция және инспекцияның ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс жүргізеді. Талдау нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан жүргізіледі. Көрсетілген іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ инспекция жұмысының ашықтығы мен айқындығына бағытталған.

 

«ҚР АШМ АӨК Шарбақты ауданды аумақты инспекциясы» ММ

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы