Логотип

Меню

Страницы

Статья

АСҮЙДЕ ОТТЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

СІЗДІҢ АЙҮЙІҢІЗДЕГІ ЖАЛЫН ҚАУІПСІЗ БЕ?

Асүйде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз мыналардың естен шығармауыңызды ұсынамыз:

Қараусыз қалып, пісіп жатқан тамақ  өрттің шығуына себепші болуы мүмкін. Егер сіз тамақ пісіріп жатқан уақыт аралығында асүйден шығуыңыз қажет болса, плитаны сөндіруіңіз қажет.

Балалардың сіз ас әзірлеп жатқанда  конфорка мен электр пештеріне жақын келуіне жол бермеңіз. Плитаның жанына  қорғағыш бұйым орнатуды ойластырыңыз.

Асүй орамалын, қолғап пен өзге де тұтанғыш материалдарды пештер мен электр плиталарынан қауіпсіз жерде ұстаңыз.

Тамақ дайындап жатқан майды абайлап қолданыңыз. Майды асықтай қыздырып, ыңғайлы өлшемдегі ыдыста қолданыңыз. Майдың шашырауына жол бермеу үшін жалынды қатты қыздырмау қажет.

Су жанып жатқан майды өшірмейді – жанып жатқан майдың үстінен ешқашан су құймаңыз. Жанып жатқан майдың үстіне құйылған су оның одан әрі тез таралып, күйікке шалдығуға әкеледі.

Егер тамақ әзірлеп жатқан май жанып кетсе, онда конфорканы өшіріп, ыдыстың қақпағын жауып, оған ауаның  өтуіне жол бермеңіз. Ыстық майы бар не майы жанған ыдысты үйге кіргізбеңіз, өйткені жалынның өршіп, сізді күйікке шалдықтыруы мүмкін. Қақпағын алмас бұрын майдың сууын күтіңіз, өйткені май  қайта жануы мүмкін.

Егер айүйде өрт шығып, оны өзіңіздің сөндіруіңіз мүмкін емес екенін түсінсеңіз, құралды өшіріп, дереу «101» телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз.

Ас әзірлейтін жабдықтың ас әзірлеген соң өшірілгеніне көз жеткізіңіз.

Ең бастысы өрт кезінде 101 хабарлаңыз

 

Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
21 декабря 2021
Дата обновления
21 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы