Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қаруды заңсыз тасымалдау

Шарбақты аудандық соты Жамбыл облысының 1986 жылы туған тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.

2021 жылғы 27 тамызда сағат 12 шамасында "Шарбақты-авто" шекаралық бақылау бөлімшесінде "VOLVO" автомашинасының салонын тексеру кезінде құқықбұзушыдан ішкі істер органдарында тіркелмеген шам-электрошокер табылып, тәркіленді.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындады.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған мемлекет кірісіне 40 838 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сот тәркіленген электршамын мемлекет кірісіне тәркіледі.

Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқықбұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
15 декабря 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы