Логотип

Меню

Страницы

Статья

Үйдің ауласына заңсыз кірумен жасалған ұрлық

Шарбақты аудандық сотымен 1976 жылы туған Хмельницкое ауылының жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2021 жылғы 5 тамызда сағат 10 шамасында сотталушы қоршаудан секіріп өтіп, Хмельницкое ауылында орналасқан үйдің ауласына заңсыз кіріп, құны 9000 теңге тұратын металл құбырды ұрлап кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ұрланған құбыр сатып алушыдан алынып, жәбірленушіге қайтарылды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, ұрланған құбырды араққа ауыстырғанын көрсетті.

Сотта жәбірленуші келтірілген залалдың өтелгенін, сотталушыға талап-арызы жоқ екенін көрсетті.

Сот сотталушыны ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сот сотталушыға мемлекет кірісіне 2483 теңге сомасындағы процессуалдық шығындарды және жәбірленушілердің өтемақы қорына 58 340 теңге сомасындағы мәжбүрлі төлемді өндірді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
15 декабря 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы