
Шарбақты аудандық сотымен жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын жүргізгені үшін Шалдай ауылының 1968 жылы туған тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
2021 жылғы 13 қарашада сағат 15 шамасында Шалдай ауылының тұрғыны көрінеу жалған нөмірі бар автокөлікті басқарып, 2.4.5-т.бұзған. Мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда жүргізушіге көлік құралын басқаруға тыйым салынады.
Сот отырысы барысында жүргізуші кінәсін толық мойындап, аталған көлікті құжатсыз сатып алғанын түсіндірді.
Сот құқықбұзушыны ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Шарбақты аудандық сотының
баспасөзқызметі»