Логотип

Меню

Страницы

Статья

Медиациятәртібіментатуласты

Шарбақты аудандық соты 1987 жылы туған Шалдай ауылының жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

2021 жылдың 7 мамырында сағат 13 шамасында сотталушы Шарбақты ауылында тұратын танысына қонаққа келді. Дәлізде газ баллоны мен алюминий құтысын көріп, бөтеннің мүлкін жымқыру туралы ой келген. Ойлағанын іске асырып, нәтижесінде жәбірленушіге 14000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ұрланған мүлік жәбірленушіге қайтарылды.

Сот отырысы басталғанға дейін жәбірленуші медиация тәртібімен келісім жасасуға, яғни тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішпен жүгінді, өйткені келтірілген материалдық залал толық көлемде өтелді.

Сотта сотталушы кінәсін толық мойындады.

Сот жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотталушыны ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Іс бойынша ісжүргізу тоқтатылды.

 

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»

 

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
15 декабря 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы